Алматыдағы Globus сауда ойын-сауық орталығында екпе алған тұрғындары арасында жүлделі ұтыс ойындары өтті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Сауда орталығындағы егу пунктінде коронавирусқа қарсы екпе алған жүзден астам алматылық олжалы болса, бас жүлде IPhone 12 смартфонын 20 жастағы медбике Әлім Марғұл иеленді.
«Егу пункті біздің орталықта орналасқандықтан оны алу өте ыңғайлы болды. Қала тұрғындары келіп, екпе жасай бастады. Оларға қолдау көрсетіп, сыйлықтар ойнатуды шештік. Бұл Globus СОО-ның қолдауы», – деді Globus орталығының маркетологы Далия Жақыпова.
Вакцинаға назар аудару үшін ақпараттық-түсіндіру науқаны жүргізілуде. Бұл ретте шағын және орта бизнес өкілдерінің ұйытқысымен қалада тұрғындарға вакцина салу бойынша ерікті науқанға қатысуға ынталандыру үшін түрлі ұтыс ойындары мен лотереялар өткізіледі.
Сауда орталағының әкімшілігі жалға алушылардың қолдауымен сертификаттар мен телефондарды ойнатуды шешті.
Ұтыс барысында лототронға бланктер салынды, олар сол күні вакцина алғандарды толтырды.
Бұл жолы сәттілік алматылық Әлім Марғұлға түсті. Бойжеткен №30 емханада бір жыл жұмыс істейді. Ол медицина колледжінің түлегі. Мамыр айының басында Globus СОСО таныс пунктінде вакцина алған.
«Мен емханада жұмыс істеймін. Бұл ауру расымен қауіпті. Сондықтан мен өзіме және басқаларға қауіп төндіргім келмейді. Әсіресе науқастарға. Мен ұтыс ойыны туралы ұмытып кеттім, олар маған қоңырау шалып, жеңгенімді айтты. Басында әзіл екен дедім. Әлі сене алар емеспін. Телефонымды әлі алған жоқпын, кезекшіліктемін», - деді медбике.
Айта кетейік, қалада медициналық ұйымдарда, мектептерде, мәдениет, спорт объектілерінде, базарларда және қаланың сауда ойын-сауық орталығында 212 вакцинация пункттері жұмыс істейді. 1 260 адамнан тұратын 308 егу бригадасы жұмылдырылды.
Алматы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 2 маусымдағы жағдай бойынша вакцинаны 307 981 адам алды, оның ішінде 5 115 полиция қызметкері, 23 240 педагог, 29 136 медицина қызметкері.
