Алматылық дәрігерлер «Сіз үшін жұмыста қалдым, сіз мен үшін үйде болыңыз» флешмобын ұйымдастырды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Мұндай флешмобтың ұйымдастырылғаны туралы блогер Полина Шиманская
Instagram парақшасына жазды.
«Нұр-Сұлтанда қалай екенін білмеймін, Алматыда медициналық қызметшілердің 80%-ы қала сыртында тұрады және жұмыс маңынан пәтер жалдауға жалақылары жетпейді. Оларға шынымен жұмыс орнында өмір сүрулеріне тура келетін сияқты. Түсіністікпен қарайық», - дейді ол.
Еске сала кетсек, бұған дейін Ақмола облысының жастары коронавирус инфекциясы таралуының алдын алу мақсатында «Менің подъезім - менің денсаулығым» челленджін бастағаны туралы жазған болатынбыз.