Видео кадры
Алматыда атыс шығарған күдіктінің әйелі Анаида Демирчян үндеу жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Әйел адам жағдай бақылаудан шығып кеткенін айтады.
"Мен ол кезде үйде балалармен болғанмын. Жедел жәрдем шақырдық. Бәрі қалай болғанын білмеймін. Мен көрген жоқпын. Тек атыстың даусын естідім. Бірақ сол кезде прокуратура, кезекші келгенде ол заң жүзінде бәрін түсіндіргенде қылмыстың алдын алар еді, түсінесіздер ме? Адамдар зардап шекті. Күйеуім, отбасым зардап шекті. Енді не боларын білмеймін. Біз заңға бағынатын азаматтар екенімізді, президентке миллион рет үндеу жасағанымды бүкіл әлем білсін. Қазір де үндеу жасаймын. Құрметті, Президент мырза! Сіз конституция кепілісіз, менің кәмелетке толмаған балаларымды қорғаңыз. Кішкентай баламның жүрегі ауырады, кеше ұстамасы ұстап қалды. Ал сот орындаушысына бәрібір, ол жедел жәрдем де шақырмады. Біздің қызметкерлердің жемқорлық пен заңсыз әрекеттері туралы мемлекет те, Президент, сіз де жақсы білесіз", - дейді Анаида Демирчян.
Айта кетейік, 20 қыркүйекте кешке Алматыда атыс болды. 54 жастағы ер адам үйден шығару туралы сот шешімін орындауға келген сот орындаушысына, полиция қызметкерлеріне және аулада болған өзге екі адамға аңшы мылтығынан оқ жаудырған. Нәтижесінде бес адам қаза тапты. Екі полиция қызметкері, бір жеке сот орындаушысы және екі тұрғын. Олардың бірі - үйдің жаңа иесі, екіншісі - оның танысы.
1967 жылы туған күдікті ұсталды. Ол 20 жылға немесе өмір бойына дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
