06 мам, 2021 сағат 16:55

Алматыға улы затты шамадан тыс бөлетін жүк көліктері кіргізілмейді


Алматыға кіреберісте жаңартылған экопостар жұмыс істей бастады. Соңғы жеті айда тексерілген көліктердің 2226-нда зиянды зат нормасынан асып кеткені анықталды. Бұл туралы Алматы қаласы жасыл экономика басқармасының басшысы Наталья Ливинская онлайн брифинг барысында айтты, деп хабарлайады ҚазАқпарат.

«Алматыға кіреберісте жаңартылған экопостар жұмыс істей бастады. Қалада бес экопост және бір мобильді экопатруль бар. Олар арнайы қондырғылармен: газ анализаторымен және опасиметрмен жабдықталған. Барлық бекетте кезекші экологиялық операторлар мен жерігілікті полиция қызметі жұмыс істейді. Алматы қаласының экологиялық жағдайын жақсарту үшін жүк көліктерін, мамандандырылған және құрылыс техникаларын пайдаланылған газдардың уыттылығы бойынша тексеру күшейтілді»,- деді ол. 

Сонымен қатар, ол экологиялық нормаға сай келмейтін көлік иелеріне айыппұл салынантынын айтты 

«Барлық экопост ар мен мобильді экопатрульді пайдалану кезінде 60 мың өлшем бірлігі жасалды. 2020 жылдың қарашасынан 2021 жылдың мамырына дейін 2265 автокөлікте шамадан тыс нәтиже тіркелген. Экологиялық нормаға сай келмейтін көлік иелеріне алғашында ескерту жасалады, екінші рет ұсталса айыппұл салынады. Сондай-ақ қазір улы затты шамадан тыс бөлетін жүк көліктері қалаға кіргізілмейтін болды»,- деді Наталья Ливинская. 

Оның айтуынша, қалаға кіреберісте бұрыннан келе жатқан он экопост және жақында ашылған алты бекет жұмыс істеп тұр. 

Алдағы уақытта олардың саны 19-ға дейін жетпек.