26 сәу, 2021 сағат 16:52

Алматыға «QazVac» вакцинасы жеткізілді


Алматыға «QazVac» вакцинасы жеткізілді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, Алматыға 6000 доза (1 және 2 компонент бойынша) берілді, олар медициналық ұйымдарына бөлінді. Бұл 3000 адамды вакцинациялауға жеткілікті. Қала тұрғындарының қалауы бойынша қазақстандық немесе ресейлік препаратты таңдай алады. 

QazCovid-in вакцинасын ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты әзірлеген. 

Qaz-Covid-In – өлі вирустан жасалған вакцина. Бұл бұлшықет ішіне 0,5 мл/дозасы енгізіледі. 

Құрамында SARS-CoV-2 тазартылған инактивирленген тұтас вирионды штаммы бар. QazCovid-In «Қазақстан, ковид, инактивацияланған» дегенді білдіреді. Ол химиялық реагентпен «өлтірілген» 2019-Ncov вирусына негізделіп жасалынған. Бұл вакцинадан кейінгі асқынулар жеңіл өтеді әрі дене қызуы жоғарыламайды. Сондай-ақ, Sputnik-V кцинасы сияқты екі компонентті және 21 күндік интервалмен салынады. 

Отандық вакцинаның артықшылықтарының бірі – сақтау шарттары. Егер Sputnik-V вакцинасы тоңазытқышта 18 градус температурада сақталса, ал QazVac вакцинасы 2-8 градус температурада сақталады. Бұл препаратты өндірушіден тұтынушыларға жеткізу логистикасын жеңілдетеді. 

Клиникалық зерттеулердің бірінші кезеңіне 18-65 жас аралығындағы 44 ерікті, екінші кезеңге 200 адам, үшінші кезеңге 3 мың адам қатысты. Қазақстан дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының реестріне өзінің ковидке қарсы вакцинасын тіркеді.