Алматыдан ұшып шыққан Air Astana ұшағы қайта әуежайға қонды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Авиакомпания мәліметінше, KS 863 Алматы-Ақтөбе бағытындағы ұшақ Алматыдан 05.30-да ұшқан.
"Техникалық себептерге, қону әуежайында техникалық қызмет көрсетілмеуіне байланысты ұшақ командирі әуежайға қайту туралы шешім шығарған. Қону әдеттегідей қалыпты өтті", - делінген хабарламада.