16 қаң, 2022 сағат 15:39

Алматыдағы тәртіпсіздіктер: Желіде лаңкестер мен әскерилер түсірілген видео тарады


Facebook әлеуметтік желісінде Алматы орталығында таяқ және темірмен қаруланған террористер әскерилерді ұрып жатқаны түсірілген видео жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видео авторының айтуынша, оқиға Сейфуллин мен Шевченко көшелері қиылысында болған.

"Таяқ және темірмен қаруланған террористер Алматы орталығында әскерилерді ұрып жатыр. 5 қаңтар, сағат 15.40. Видео-дәлел", - дейді видео авторы Жандос Құрманбаев.

Алматылық Жандос Құрманбаев терезеден 15 минуттық видео түсірген.

"Сол күндері мен Алматыдағы оқиғалар куәсі болдым. Тереземнің түбінен 5 қаңтарда сағат 14:40-та Ұлттық ұланның 1200-ге жуық сарбазы және арнайы мақсаттағы мобильді жасақтың 500 жауынгері өтті.

Олардың артынан, есептеуім бойынша, шамамен 15 мың адам кетті, олардың едәуір бөлігі әскери қалқан мен таяқ, темірмен қаруланған.

Менің бағалауым бойынша және 5 қаңтарда жариялаған видеода "наразылық білдірушілер" арасында таяқпен қаруланған кемінде үш мың адам болды.

Көбі жастар 17 жастан 25 жасқа дейінгілер", - деді Жандос Құрманбаев.