26 сәу, 2021 сағат 17:12

Алматыдағы «Мега» СОО-да баланың үстіне ойыншық мүсін құлап кетті


Алматыдағы ойын-сауық орталықтарының бірінде баланың үстіне ойыншық мүсін құлап кетті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Оқыс оқиға «Мега» сауда, ойын-сауық орталығында болды. 

Бұл туралы әлеуметтік желіде Бақытжан Базарбек есімді қолданушы жазба жариялады. 

«Бүгін Алматыдағы «Мега» ойын-сауық орталығында досымның ұлының үстіне үлкен ойыншық мүсіні құлап кетті. Үлкен мүсін бар болғаны скотчпен жабыстырылған», - деп жазды ол. 

Кішкентай баланың әкесі Жәнібек Башановтың айтуынша, ұлының миы шайқалған. Сонымен қатар, жүктілігіне тоғыз ай болған әйелі шошып қалған. 

«Абырой болғанда, балам аман. Бірақ, оның миы шайқалды. Қазір біз тексеріліп жатырмыз. Әзірге полицияға арызданбадық. Алдағы уақытта сотқа жүгінеміз», - дейді зардап шеккен баланың әкесі Жәнібек Башанов.