10 қаң, 2020 сағат 15:25

Алматыдағы Esentai Mall сауда орталығынан жарылғыш зат табылған жоқ

Алматыдағы Esentai Mall сауда орталығы толықтай тексерілді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Тексеру кезінде ешқандай жарылғыш зат табылған жоқ», - деп хабарлады Алматы қалалық ПД баспасөз қызметі.

Бұған дейін құқық қорғау органдарына Алматыдағы жылдам тамақтанатын мейрамханалардың біріне жарылғыш зат қойылғаны туралы хабар түскенін жазған болатынбыз.