«Бұқар жырау» тұрғын үй кешені күзетшісінің жағдайы тұрақты, деп хабарлады "Ұлт ақпарат".
Басқарма мәліметіне сүйенсек, жарақат алған ер адамға тиісті көмек көрсетілуде.
«Қазіргі уақытта науқастың жағдайы тұрақты, барлық қажетті симптоматикалық терапияны алады», - деп хабарлады Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасынан.
24 сәуірде Алматыдағы "Бұхар Жырау Тауэрс" тұрғын үй кешенінде аңшы мылтығымен қаруланған 56 жастағы азамат кешен күзетшісімен ерегісіп қалып, оған оқ атқан. Артынан биік үйдің 17-қабатындағы пәтерге тығылып, сол жерде 30-ға жуық оқ атқан. Полиция онымен бірнеше сағат келіссөз жүргізген, бірақ ер азамат келісімге келмеген, ешқандай талап та айтпаған. Кейін пәтердің терезесінен секіріп, қаза тапты.
Полицияның мәлімдеуінше, күдіктіні ұстау операциясында атыс қаруы қолданылмаған.
Тергеу барысында күдікті Ресей Федерациясының азаматы екені анықталады.
