Фото: © instagram/_volontery_shymkent_lider.kz
Алматыға пойызбен келіп, кейін хабар-ошарсыз кеткен Шымкент тұрғыны Дмитрий Малиновский өлі табылды. Бұл туралы LIDER.KZ еріктілері Instagram парақшасында мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты.
1977 жылы туған ер адам Алматыға 13 тамызда кешке пойызбен кеткен. Ол мегаполиске 14 тамызда сағат 15:30-да келген. Содан бері оның орналасқан жері белгісіз болды.
Ал 1 қыркүйекте жоғалған адамның қайтыс болғаны анықталды.