06 мам, 2021 сағат 17:06

Алматыда жолдан жүгіріп өтпек болған қызды автобус қағып кетті


Алматыда жолдан өтіп бара жатқан қызды автобус басып кетті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Оқыс оқиға 5 мамыр сағат 11:40 шамасында Науаи көшесі бойында болған. 

«Zhontong автобусының жүргізушісі Науаи көшесімен солтүстік бағытта келе жатып, жаяу жүргіншіні қағып кетті. Жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккен жаяу жүргінші №7 қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілді», - деді Алматы қаласы ПД анықтау бөлімінің бастығы, полиция майоры Олжас Шәріпов. 

Аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы, 2-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.