Алматыда Жангелдин көшесінде №208 автобус жаяу жүргіншіні қағып кетті. Жапа шегуші оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Оқиға туралы ақпарат пен видео Instagram әлеуметтік желісіндегі chp_kz-парақшасында пайда болды.
"Куәгерлердің айтуынша, № 208 автобус Жангелдин көшесімен солтүстік бағытта келе жатқан. Пестковский көшесі қиылысында жаяу жүргіншілер өткелінен әйел өтіп бара жатты. Жүргізуші оны көріп, тоқтауға тырысты, бірақ ол мүмкін болмады. Автобус жаяу жүргіншіні қағып кетті. Нәтижесінде 1975 жылы туған әйел алған жарақаттарынан жедел жәрдем бригадасы келгенге дейін қайтыс болды", - делінген видео сипаттамасында.
