Сурет: видеодан скриншот
Алматыда мемлекет және қоғам қайраткері Заманбек Нұрқаділовті еске алуға арналған мемориалды тақта орнатылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" 24kz арнасына сілтеме жасап.
Ескерткіш тақта Нұрқаділовтің бұрын тұрған үйіне орнатылды. Ашылу салтанатына оның бірінші жары Нұрбике Нұрқаділова мен ұлы Қайрат Нұрқаділов қатысты.
"Бірнеше сағат бұрын әкеме арналған ескерткіш тақта орнатылды. Біз қатты қуаныштымыз. Қандайда бір өзгеріс болып жатқанына ризамыз. Анам мен ағам дизайнын жасап, жақсы суретін таңдап қойдық. Бұл отбасымыз үшін маңызды дүние. Шындық бірнідеп ашылады деп ойлаймын", – деді Құралай Нұрқаділова.
Заманбек Нұрқаділов 2005 жылы 12 қарашада қайғылы жағдайда қаза тапқан еді. Ұзақ жылдар бойы қазақстандықтар оның өліміне қатысты тергеуді қайта қарауды талап етіп келеді. Туыстары оның Нұрқаділовтің арнайы тапсырыспен өлтірілгеніне сенімді.