Алматы қаласында бір тәулікте 1 993 адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Басқарма таратқан мәліметке сәйкес, 1 маусым күні 1 903 алматылық вакцина салдырды. Биылғы жылдың 1 ақпаны мен 1 маусым аралығында қалада барлығы 307 981 адамға екпе салынды.
Қалада 212 пункт жұмыс істеп тұр. 1 256 адамнан тұратын 307 егу бригадасы бар. Сонымен қатар, 40 көшпелі мобильді бригада ұйымдастырылды.
«Қазіргі медициналық ұйымдарда, мектептерде, мәдениет, спорт объектілерінде, базарлар мен қаланың СОСО-да вакцинация пункті жұмыс істейді» - деп нақтылады Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы.
Айта кетейік, 1 маусым күні Қытай елінен CoronaVac вакцинасының 500 мың дозасы Алматыға жеткізілді .
CoronaVac вакцинасын Қазақстан аумағында қолдануға ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мақұлдаған.
Ол елде қолданылып жүрген QazVac, «Спутник V» және Hayat Vax вакциналарының тізбесін толықтырады.
