04 мау, 2021 сағат 15:15

Алматыда вакцина алғандарға Қазақстан туы бейнеленген шоколад таратылды


Алматыда мемлекеттік рәміздер күніне орай санитарлық талаптарды сақтай отырып бірқатар мәдени іс-шара өтіп жатыр, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Алмалы ауданы әкімдігінің қызметкерлері вакцина алған қала тұрғындарына Қазақстан туы бейнеленген шоколад таратып жатыр.

Акция азаматтық пен патриотизмге, өз Отанына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, елдің мемлекеттік рәміздерін құрметтеуді қалыптастыру, сондай-ақ олардың мәні мен маңызын түсіну мақсатында өткізілуде.

«Мемлекеттік рәміздер - рухани күш-қуаттың қайнар көзі, әрбір қазақстандық Ту, Елтаңба мен Әнұранды қастерлеуі тиіс. Біздің қаламызда тудың символикасы бар брендтік шоколад өндіріледі, ол туралы дүниежүзі біледі, сондықтан біз вакцинаға қатысушыларға шоколад сыйлап, мерекемен құттықтауды жөн көрдік», – деді Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің орынбасары Айнұр Бекжанова.

Вакцинацияланғандарға Globus СОСО, «Мега»СОCО, «МБО»СҮ, Төле би бойынша ХҚКО егу пункттерінде 500-ден астам шоколад таратылды.

Сыйлық алғандардың арасында алматылық Абдул Ибрагимов та бар, ол бүгінде отандық вакцина алды.

«Біз мемлекеттік рәміздерді құрметтеп, жастарды патриотизмге тәрбиелеу керекпіз. Бұл мерекені насихаттау және оның тарихын айту. Мен вакцина алуға келіп едім, құттықтауларды көріп қуандым. Менің ойымша, вакцина алу және ұжымдық иммунитетті қалыптастыру патриотизмді, өз елі мен халқына деген сүйіспеншілікті білдіреді. Біз бірге індетті жеңуіміз керек» – деді қала тұрғыны.

Айта кетейік, бүгін кешкі сағат 19.00-де Республика сарайы ғимаратының алдында оркестрдің қатысуымен мемлекеттік гимн орындалады.