01 мау, 2021 сағат 14:41

Алматыда вакцина алғандар арасындағы ұтыс ойынының жеңімпаздары анықталды


Алматыдағы ЦУМ сауда үйінде коронавирусқа қарсы вакцина алғандарға бағалы сыйлықтар мен сертификаттар тапсырылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

22-31 мамыр аралығында сауда үйінің егу пунктіне келіп коронавирусқа қарсы вакцина салдырғандар, ұтыс ойынына қатысуға мүмкіндік алды. 

Ұйымдастырушылардың айтуынша, жеңімпаздар кездейсоқ таңдалды. 

Барлығы 5 жүлде ойнатылды: ІРhonе 12 смартфоны, Samsung Galaxy A02 телефоны, Starbucks желісінен, Wendy's мейрамханасына сертификаттар, сондай-ақ кәдесыйлар орталығынан сертификаттар берілді. 


Бас жүлде ІРhonе 12 смартфонын алматылық Дарья Сургутанова ұтып алды. 

«Мен коронавирусқа қарсы вакцинаны сыйлық ұтып алу үшін салдырған жоқпын. Бұл – менің саналы таңдауым. Өзімнің және жақындарымның ауырғанын қаламаймын. Менің ойымша, бұл - керемет мүмкіндік. Тегін вакцина алып, ауруға қарсы тұру бәріміздің қолымыздан келеді. Сондықтан мен қала тұрғындарын екпе алуға шақырамын», - деді Дарья Сургутанова.

«ЦУМ» сауда үйінде вакцина салдырғандардың бәріне киім, аяқ киім, сағаттар, ұялы телефондар, аксессуарлар, зергерлік бұйымдарды сатып алуға үлкен жеңілдіктер қарастырылған. 

Айта кетейік, қалада Qamqor акциясы жұмыс істейді. 

Қала тұрғындары мен қонақтары вакцина алғаны туралы төлқұжатын көрсеткен кезде кәсіпкерлерден тауарлар мен қызметтерге жеңілдіктер ала алады.