28 мам, 2021 сағат 14:06

Алматыда вакцина алғандар арасында ұтыс ойындары әлі жалғасуда


Алматыдағы сауда орталықтары коронавирусқа қарсы вакцина алғандар арасында ұтыс ойынын өткізіп жатыр, деп хабарлйады "Ұлт ақпарат".

Әуезов ауданында орналасқан вакцинация пунктерінде 29-30 мамыр аралығында ұтыс акциялары өтеді. 

Шараның мақсаты - тұрғындарды індетке қарсы күрес бойынша алдын алу жұмыстарына ынталандыру. 

Тұрғындар вакцина алып, бағалы сыйлықтарға ие бола алады. 

Алматылқтар вакцинация туралы анықтаманы көрсетіп, ұтыс ойынына қатысуға билет алады. 

Айта кетейік, ұтыс ойынына қатысқандардың бәріне сыйлық бар. 

Ұтыс ойыны Әуезов ауданының 3 нысанында өтеді: 

1. «Кар Сити»сауда кешені сағат 9:00-14:00 дейін 

2. «Спутник» сауда ораталыңы сағат 10:00-17:00 дейін 

3. «Тигрохауд» сауда үйі сағат 10:00-17:00 дейін. 

Сондай-ақ, ауданда қосымша тағы егу пункті ашылды. Атап айтар болсақ, №6, №10, №15, №16, №18 емханасы мен «Рахат», «ХАК», «Medline», «Медсервисхирургия» жеке меншік медицина орталықтарында. 

Сонымен қатар, «Grand park», «Asia park», «Спутник», «Car city», «Мәскеу» және «Almaty mall» сауда орталықтарында орналасқан. №123 мектеп пен «Үш Сұңқар» тұрғын үй кешенінде де бар.