24 мам, 2021 сағат 18:56

Алматыда вакцина алғандар арасында iPhone 12 ойнатылып жатыр


Алматыда вакцинаның бірінші компонентін салдырғандар лотереяға қатысып, бағалы сыйлық ұта алады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Мұндай шара қаладағы бірнеше базар мен сауда орталықтарындағы вакциналау пунктерінде өткізіліп жатыр.

Мәселен, 22-31 мамыр аралығында Жібек жолы көшесі мен Абылай хан даңғылының қиылысында орналасқан «ЦУМ» сауда орталығында ойнатылады. 

Вакцина салдырып, iPhone 12 ұялы телефонын ұтып алуға мүмкіндік бар.

IPhone 12 ұтыс ойыны 2021 жылы 31 мамырда сағат 12.00-де өтеді.

Вакцинация жасалған күні сіз ұтыс ойынының купонын аласыз, ол сізге ЦУМ сауда үйінің дүкендерінде қосымша жеңілдіктер алуға мүмкіндік береді.

Ұтыс ойынының жеңімпазы науқанға қатысушылар арасында кездейсоқ таңдау арқылы анықталады. 

Іріктеу нәтижесі Инстаграмдағы TSUM ресми парағында 31 мамыр күні жарияланады.

Жеңімпаз ЦУМ вакцинация орталығында берілген тіркеу талоны және жеке куәлігі болған жағдайда ғана сыйлық алады.

Акция Алмалы аудананы әкімі аппаратының қатысуымен ұйымдастырылуда.