07 мау, 2021 сағат 17:32

Алматыда үш моноопераның премьерасы өтті


Абай атындағы ұлттық мемлекеттік академиялық опера және балет театрының үлкен сахнасында үш түрлі қойылымның премьерасы өтті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Ресейлік режиссер Михаил Панджавидзе бастаған труппаның үздік солистері Франсуа Пуленктің «Адам дауысы», Дж. К. Меноттидің «Телефон» және Микаэль Таривердиевтің «Күту» монооперасының премьерасын ұсынды. 

Ресейлік режиссер Михаил Панджавидзе айтуынша, монопера - бұл үлкен қойылымдық эффектілер мен декорациялардың артында жасырынуға болмайтын камералық жанр. 

«Ойға алған жұмысты іске асыру оңай шаруа емес. Ол жауапкершілікті талап етеді. Эскиздердің әдемі болғанын қалаймын. Біз опера солистерімен де, сахна безендірушілермен де орасан зор жұмыс істедік. Театр сахнасында мұқият зерттеуді және қажырлы еңбекті қажет ететін ерекше сценографиялық шешім болады. Спектакльдердегі жаңа шешімдермен көрерменді таңдандырып, қуантамыз деп ойлаймын. Сонымен қатар, бұл қойлымдар Ұлттық театр репертуарына лайықты деп сенемін», - деді режиссер Михаил Панджавидзе.

Фрэнсис Пуленктің «Адам дауысы» моно-операсы телефон әңгімесін баяндайды. Қысқа уақыт ішінде кейіпкердің өмірі түбегейлі өзгереді, мұнда адам сезімінің нәзік нюанстарының гаммасы «саңырау» телефон байланысы арқылы беріледі.

Костюмдер мен декорация авторы — суретші Гари Хаммель. Эскиздер модерн стилінде. 

«Эскиздер модерн стилінде ұсынылған және кейіпкерлер образында өзіндік перформанс жасайды, бұл қойылымнан алған әсеріңізді арттырады. Спектакльдерде жасалған екпін ерекше синтез қалыптастырады. Көрерменді қойылым мен көркемдік көріністерді ұсынудағы заманауи шешімдер таң қалдырады деп сенемін», - дейді суретші. 

Микаэль Таривердиев өзінің «Күту» операсында махаббат, көңілсіздік, сенім мен үміт баяндалады.