31 шіл, 2025 сағат 11:07

Алматыда университет ғимаратынан студент құлап, көз жұмды

Фото: ашық дереккөз

Алматы қаласының полиция департаментінің мәліметіне сәйкес, 1-курс студенті Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоратының ғимаратында 14-қабаттан секірген, деп хабарлайды Ult.kz.

Ведомство қылмыстық іс қозғады.

"Аталған дерек бойынша Бостандық аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, оқиғаға тұрмыстық себептер түрткі болған. Азаматтардан жалған ақпарат таратпауға және тек ресми дереккөздерге сүйенуге шақырамыз", — деп хабарлады департаменттен.


Бұған дейін Павлодарда әйел бесінші қабаттан екі баласын лақтырып, өзі де секіріп кеткен.