Фото: Ult.kz
Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінің Орталық көрме залында қазақтың ұлттық спорты көкпарға арналған «Ұлы дала ойыны» атты бірегей фотокөрме өтуде, деп хабарлайды Ult.kz.
Осы мәдени іс-шара аясында көрермен экспозиция авторы Никита Басов түсірген суреттер арқылы қазақ ұлттық спортының тарихымен танысады.
Көрменің мақсаты – қазақ халқының мәдени мұрасын сақтау әрі насихаттау, көкпардың спорттық және мәдени құбылыс ретіндегі ерекшелігін көрсету.
«Ұлы дала ойыны» экспозициясында 80-ге жуық жұмыс қойылған. Бұл туындылар – өткенді бүгінмен байланыстыратын мәдени көпір.
Сонымен қатар, көрмедегі фотосуреттер «Көкпар» ойынының жылдам әрі тартысты екенін суреттеп, қазақ ұлттық мұрасының ұлылығын көрсетеді.
Экспозиция 2025 жылдың 30 наурызына дейін жалғасады.