25 сәу, 2023 сағат 13:22

Алматыда ҰҚК қалалық департаментінің бұрынғы басшысы сотталды

Фото:gov.kz

Алматы ҰҚКД бұрынғы басшысына қатысты сот үкімі шықты, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Алматы қаласы Алмалы аудандық сотының үкімімен Алматы ҰҚКД-ның бұрынғы басшысы билік және лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылды (ҚК-нің 362-бабы 4-бөлігі). 

"Сот үкімімен М. 10 жылға мемлекеттік қызметте, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, қаржы ұйымдарында лауазымды қызмет атқару құқығынан, сондай-ақ ҰҚК генерал-майоры арнайы атағынан айырылып, 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды" - делінген Алматы сотының хабарламасында.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.