20 ақп, 2023 сағат 12:15

Алматылық студенттер түн ортасында тұрғындарды шошытты - видео

Фото: pixabay.com

Алматы қаласында жатақхана студенттері түннің бір уағында тұрғындардың тыныштығын бұзды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Polisia.kz Telegram-арнасына сілтеме жасап.

Алматы қалалық ПД мәліметінше, түн ортасында полицияға тыныштықты бұзу туралы дабыл келіп түскен.

Электр қуаты сөнген кезде жатақханада тұратын жоғары оқу орындарының бірінің студенттері көшеге шығып, петардаларды жарып, айғайлап, ысқырып, сол арқылы жақын маңдағы үй тұрғындарының тыныштығын бұзған.

"Бұған жол берген жатақхана коменданты ҚР ӘҚбК-нің 437-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Ал университет басшылығы полициямен бірге студенттер арасында құқықтық-түсіндіру жұмысын жүргізді" - делінген хабарламада.