
Алматыда екі күн бұрын жерасты өткеліне соғылған троллейбусқа қатысты оқиғаның мән-жайы белгілі болды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті мәліметінше, оқиға орнынан жеті адам емес, төрт адам №4 қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілген.
"Тексеруден кейін олардың үшеуі бекітілген жердегі емханаға амбулаторлық емделуге жіберілді. Жараланғандардың бірі мамандандырылған бөлімге жатқызылды", - деді Қоғамдық денсаулық сақтау департаментіндегілер.
Ал әлеуметтік желілерде жол апатына себепші болған тәжірибеден өтіп жүрген жүргізуші екені туралы ақпарат тарады. Бұл туралы жол апатынан зардап шеккен әйелдің жұбайы Владимир Шацких Facebook-парақшасында жазды. Сонымен қатар, ол жедел жәрдем қызметі мен №4 қалалық клиникалық аурухана жұмысына шағымданды.
"Алматыэлектротранс" жүргізушінің жұмыс тәжірибесі жоқ деген ақпаратты жоққа шығарып, 1959 жылғы жүргізушінің жұмыс тәжірибесі мол екенін мәлімдеді. Бірақ ол бұрын жұмыстан шығып, қайта орналасқандықтан стажер статусын алған. Жол апатынан ер адам зардап шеккен жоқ. Ұйым басқа мәселелер бойынша әлі пікір білдірмеді, себебі бұл іс бойынша тергеу жүргізіліп, қылмыстық іс қозғалған.
Еске салайық, 21 тамыз күні шамамен сағат 14:50-де Байзақов көшесінен кейін батыс бағытындағы Абай даңғылының бойында жол-көлік оқиғасы орын алды. БН 1240 троллейбусының жүргізушісі қысқа ғана уақыттың ішінде өзін жайсыз сезініп, соның салдарынан рульге ие бола алмай қалған. Салдарынан қоғамдық көлік өткелінің қабырғасына соғылған.
1154 рет оқылды