14 қаң, 2022 сағат 09:25

Алматыда тәртіпсіздіктер кезінде қаза тапқан подполковниктің денесі Орал қаласына жеткізілді


13 қаңтарда Орал әуежайына әскери ұшақпен тәртіпсіздіктер кезінде қаза болған әскери қызметшінің денесі жеткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой город"басылымына сілтеме жасап.

Қарулы Күштер офицері Сәндібек Хаировтың денесін туыстары, әріптестері мен жерлестері күтіп алды.

"Ол жауынгер жолдасымыз, офицер. Сеніп тапсырылған бөлімшенің жеке құрамын басқарған. Өмірін қатерге тігіп, соңына дейін күресті. Қазақстандықтар үшін бұл үлкен шығын. Ол жүрегімізде мәңгі қалады", - деді десанттық-шабуылдау әскері қолбасшысының ҚР Қарулы Күштерінің тәрбие және идеологиялық жұмыстары жөніндегі орынбасары Раджан Жанысов.

Өңір басшысы Ғали Есқалиев қайғыға ортақтасып көңіл айтты.