07 жел, 2021 сағат 19:05

Алматыда тағы бір әйел көпқабатты үйдің терезесінен секіріп кетті


Алматыда тағы бір әйел көпқабатты тұрғын үйдің 5-ші қабатынан секіріп кетті. Қайғылы оқиға Жетісу ықшам ауданында болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы қаласы полиция департаментінде мәлімдегендей, 1995 жылы туған Т. есімді әйел тұрғын үйдің бесінші қабатынан секірген. Әйел тірі, қазір ол ауруханаға жатқызылды.

Оқиғаның мән-жайын анықтау барысында әйелдің улану үшін дәрі-дәрмектер ішкені анықталды. Оның бұл жағдайға бару себебі ерлі-зайыптылар арасындағы ажырасу процесі болуы мүмкін.

«Оқиғаның толық деректері анықталуда. Аталған факті ҚР ҚК-ның 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелді», - деді полиция департаменті.

Ал Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасында әйелдің жағдайы тұрақты ауыр екенін мәлімдеді.