17 мам, 2021 сағат 18:54

Алматыда Шөкин көшесінің бір бөлігі төрт айға жабылады


Алматыда жылу желілерін қайта құру кезінде Ш. Шөкин көшесінің бір учаскесіндегі жол жабылады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Алматы жылу жүйесі» кәсіпорнының мәліметінше, 24 мамырдан 20 қыркүйекке дейін Шапық Шөкин көшесінің бойында Қарасай батыр көшесінен Райымбек даңғылына дейін автокөлік қозғалысы тоқтатылады.

«Уақыт шектеулері осы көше сегментінің жүріс бөлігінің астында өтетін магистральдық құбырды жоспарлы ауыстырумен байланысты. Жергілікті тұрғындарға қолайлы жағдайды сақтау үшін үйлерге ыстық су уақытша схема бойынша берілетін болады» - делінген хабарламада.