Бүгін Алматыда Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысы аясында Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Армения Республикасының Премьер-Министрі Карен Карапетянмен кездесу өткізді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Үкімет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Өткізілген кездесулер барысында тараптар цифрлық технологияларды енгізу және ортақ жобаларды іске асыру саласындағы екіжақты экономикалық ынтымақтастық мәселелерін талқылады.
Айта кетейік, 2017 жылғы қаңтар-қарашада Қазақстан мен Армения арасындағы тауар айналымы 5,4 млн долларды құрады. Қазақстанның Арменияға экспорттайтын негізгі өнімдері – аккумуляторлар, көтергіштер мен домкраттар, моторлы көлік құралдарының бөлшектері, мұнай газдары мен көмірсутектер, сорғылар. Бүгін Қазақстанда армян капиталының қатысуымен 268 кәсіпорын қызметтерін табысты іске асырып келеді.
2017 жылғы маусымда «Ереван – Астана» рейсінің ашылуы бизнес ортада және туризм саласында өзара іс-қимылды дамытуға септігін тигізіп келеді.