Алматыда психолог Светлана Божконы ұрып-соққан адам 2 айға қамауға алынды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Алматы ауданаралық тергеу соты Сабырбаевқа қатысты ҚР ҚК 293-бабының 3-бөлімінің 2- тармағымен 2 айға күзетпен қамауға алу туралы бұлтартпау шарасын санкциялады», - деп мәлім етті қалалық соттың баспасөз қызметінен.
Еске сала кетейік, 20 шілде күні психолог Светлана Божко соққыға жығылып, оған екі рет ота жасалған болатын.
Күдікті ретінде 1991 жылы туған ер адам ұсталды. Қазіргі таңда арнайы сараптама тағайындалды.