05 мау, 2023 сағат 13:55

Алматыда полицей әріптесін абайсызда атып өлтірді

© Photo: Рixabay/Skitterphoto

Алматыда полицей әріптесін атып өлтірді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Алматы қаласы ПД мәліметінше, 5 маусымда полиция қызметкері қызметтік қарумен өз әріптесіне абайсызда оқ атқан, ол алған жарақаты салдарынан қайтыс болған.

"Дерек ҚР ҚК-нің 104-бабы бойынша соталды тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалды", - делінген хабарламада.

Бұған дейін Telegram-арналардың бірінде оқ марқұмның басынан тигені туралы ақпарат тараған. Ақпаратта полиция қызметкерлерінің арасында жанжал туындамағаны, қайғылы оқиға екеуара әңгімелесіп отырған кезде абайсызда болғаны туралы жазылған.