Алматыдағы эпидемиологиялық ахуалдың біртіндеп тұрақтануына орай ковидтік стационарлардың қызметтерін атқарған ауруханалар қалыпты жұмыс режимдеріне көшуде, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Алматы қалалық қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Нариман Табынбаевтың айтуынша, мегаполисте коронавируспен ауырған науқастарды ауруханаға жатқызу төмендеген. Нәтижесінде №1 перзентхана мен екі аурухана қалыпты жұмыс режиміне оралды.
«Halyk Arena» спорт кешенінде орналасқан жұқпалы ауруханасы мен Теміржол емханасы коронавируспен ауыратын науқастарды күту жүйесінен алынады.
Сонымен қатар, ол 1 маусымнан бастап жедел медициналық жәрдем көрсету ауруханасы мұқият дезинфекциялаудан кейін бұрынғыдай жұмыс істейтіні туралы бұйрық шыққанын айтты.
«Уақытша ауруханалар түріндегі қолда бар резервті және қаладағы коронавирусқа арналған төсектерді ескере отырып, біз осындай шешім қабылдадық. Алматыдағы ауруханалар бұрынғы жұмысына оралады. Олар жұқпалы емес аурулары бар пациенттерді өздерінің профильдеріне сәйкес қабылдайтын болады», - деді Нариман Табынбаев.
