Алматыда коронавирус басталғалы бері 2 990 науқас көз жұмды. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Нариман Табынбаев Орталық коммуникацилар қызметінде өткен брифингте мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Өкінішке қарай, мегаполисте пандемия басталғалы бері 2 990 науқас көз жұмды. Оның ішінде коронавирус жұқтырғандар мен пневмониямен ауырған науқастар бар»,- дейді Алматының бас дәрігері.
Соңғы бір тәулікте қалада 423 адам коронавирус жұқтырған.
Мұның ішінде симптомды, жеңіл және орташа деңгейдегі белгілермен – 394, симптомсыз – 29 науқас тіркелді.
Бүгінгі күні инфекциялық стационарларда 1 477 адам бар (төсек-орынның жалпы саны –3 179), оның ішінде 56 бала емделіп жатыр.
Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 3 433 пациент бар.
