06 мау, 2020 сағат 10:46

Алматыда мектеп түлектері тағы да жол ережесін бұзды

Алматыда тағы да бір топ түлек мінген көліктер жол ережесін бұзды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Бұл видео әлеуметтік желіде жарияланған болатын. Жастар жүріп бара жатқан көліктің терезесінен, төбесіндегі терезесінен шығып алған. Олардың кейбірі қарама-қарсы жолаққа шығып, дабылдарын қосқан. 

Қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі жол ережесін бұзғандарға қатысты шара қабылдайтындығын мәлімдеді. 

Мұның алдында Медеу шатқалында жүріп бара жатқан көліктің терезесінен шығып алып жол ережесін бұзғандар ҚР ӘқбК бірнеше бабы бойынша жауапқа тартылған болатын. 

Айта кетейік, биыл пандемияға байланысты Қазақстанның мектеп бітірушілері 3-4 маусымда барлық санитарлық нормаларды сақтап, аттестат алды.