Алматыда маска сатумен айналысқан алыпсатарлар ұсталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Мамандардың айтуынша, бұл - осы қаладағы алтыншы жағдай.
22 наурызда ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Алматы экономикалық тексеру департаменті жалпы құны 90 000 000 теңге болатын 664 400 маска сатқан жеке тұлғаны ұстады.
«Жеке тұлға масканы рұқсат қағазынсыз саудалаған. Сонымен қатар оның жеке кәсіпкерлікті тіркеу нөмірі жоқ болып шықты», - деді департаменттен.
ҚР Президенті жанындағы төтенше жағдайды қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік комиссияның №8 хаттамасына сәйкес, тәркіленген маска қалалық қоғамдық денсаулықты сақтау басқармасына берілді.
Айта кету керек, ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің таратқан ақпаратына сәйкес, 12 өңірлік экономикалық тексеру департаменттерінде осындай 17 дерек тіркелген.
3 миллионға жуық маска (2 932 019 дана) денсаулық сақтау басқармаларына берілді.