24 сәу, 2021 сағат 17:18

Алматыда күзетшіге оқ атылды: Шабуыл сәтінен видео тарады

Әлеуметтік желіде Алматы қаласындағы «Бұхар жырау» тұрғын үй кешені күзетшісін қарулы адамның мылтықпен жарақаттаған сәтінен видео тарады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Әлеуметтік желіде тараған видеодан екі адамнның сөйлесіп тұрғанын, одан кейін ер адамның күзетшінің аяғына оқ атып, бой тасалағанын байқауға болады.

Еске сала кетейік, бүгін Алматыда тұрғын үй кешенінің күзетшісі аңшылыққа арналған мылтықтан жарақат алған болатын.
Полиция департаментінің мәліметінше, күзетші мен белгісіз ер адамның арасында туындаған жанжал салдарынан күзетшінің аяғы аңшылық мылтықтан жараланған. 
Ол ауруханада жатыр.
Қазіргі уақытта тұрғын үйдегі пәтерге тығылған атқышпен келіссөз жүріп жатыр. 
Қарулы адам келіссөзден бас тартты. Оған қоса, ол баспалдақ алаңына қарай 10-нан астам оқ атқан.