18 мам, 2021 сағат 12:24

Алматыда құдық басында ұзын-сонар кезек пайда болды


Алматы қаласының Түрксіб ауданындағы құдық басында ұзын-сонар кезек пайда болды. «Алматы Су» кәсіпорны жағдайды түсіндірді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Күні бойы су жоқ! Олар апат болды дейді. Бір ғана құдық бар. Адамдар кезек үшін бір-бірімен жанжалдасып жатыр. Ауыз су алатын құдық Молдағұлова- Ақинов көшесінің қиылысында орналасқан», - деп жазды желі қолданушы.

«Алматы Су» ММ баспасөз қызметінің мәліметінше, сумен жабдықтау желілерінде апатқа қатысты жұмыстар жүргізілді. 

«17 мамырда сағат 05:00-ден 24: 00-ге дейін Чернышевский-Ақынов-Молдағалиев-Толстой көшелерінде орналасқан тұрғын үйлер мен ғимараттарға уақытша суық су беру шектетілді»- деп хабарлады «Алматы Су» ММ

Компания апаттық жағдай туралы алдын ала білу мүмкін емес екендігін атап өтті.

№9 емхананың жанындағы Р.Зорге көшесіне және Сауранбаева 24, мамандандырлған халыққа қызмет көрсету орталығына үш автоцистерна су жеткізілді. Уақытша келтірілген қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз», - деп атап өтті компаниядағылар.