02 мау, 2021 сағат 11:48

Алматыда коронавирусқа шалдыққан 106 сырқат жансақтау бөлімінде жатыр


Алматыда коронавирус жұқтырған 1431 науқас ем қабылдап жатыр. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

1 маусым күнгі ақпарат бойынша, бір тәулікте қалада 208 адам коронавирус жұқтырған. 

Мұның ішінде симптомды, жеңіл және орташа деңгейдегі белгілермен – 180, симптомсыз – 28 науқас тіркелді. 

Барлық емделіп шыққандар – 181, келіп түскені – 104. 

«Инфекциялық стационарларда 1431 адам бар (төсек-орынның жалпы саны – 3 680), оның ішінде 54 бала емделуде», – деп нақтылады қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен. 

Сондай-ақ, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 106 адам жатыр. Ал 24 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. 

Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 55 адам ем қабылдауды жалғастыруда. High flow-да 26 аппарат жұмыс істейді. 

Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 1 617 пациент бар. 

Оның ішінде індет белгілері бар, орташа ауыр жағдайда 1 380 науқас. 

237 адамда коронавирус белгілері жоқ.