07 мау, 2021 сағат 15:32

Алматыда коронавирус жұқтыру қаупі жоғары


Алматы қаласы 1 маусымда «сары» аймаққа көшкенімен, эпидемиологиялық жағдай күрделі. Бұл туралы онлайн брифинг барысында қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин мәлім етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Алматының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері «қызыл» аймақтан «сары» аймаққа өту кезіндегі қолданыстағы шектеу шаралары 7 күн өткеннен кейін күшіне енетін белгілі бір жеңілдіктермен сақталатынын атап өтті.

Оның айтуынша, «сары» аймақтың өлшемдері 1 (бірліктен) кем немесе оған тең R саны (жұқтыру көрсеткіші) мен жүзден кем немесе оған тең 100 мың тұрғынға шаққандағы сырқаттану көрсеткіші болатынын түсіндірді.

«Қазіргі уақытта Алматыда 7 маусымдағы жағдай бойынша 100 мың тұрғынға шаққанда КВИ-мен сырқаттанушылық көрсеткіші 64,7, яғни 100-ден төмен, оның ішінде R=0,7. Алматы қаласы 1 маусымда «сары» аймаққа көшкенімен, эпидемиологиялық жағдай күрделі. COVID-19 жұқтыру қаупі жоғары»,- деді ол.

Жандарбек Бекшин атап өткендей, жүргізілген шектеу шараларының нәтижесінде КВИ-мен ауыру азайды. Атап айтқанда, бұқаралық іс-шараларға тыйым салу, базарлардың, СОСО-ның, жазғы алаңдарды қоспағанда, қоғамдық тамақтану орындарының жұмысына тыйым салу, демалыс күндері әлеуметтік байланыстарды азайту мақсатында, сондай-ақ халыққа вакцина салу.