04 мау, 2021 сағат 12:15

Алматыда коронавирус жұқтырғандар саны азайды


Алматыда коронавирус жұқтырған 1 329 науқас ем қабылдап жатыр. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

3 маусым күнгі ақпарат бойынша, бір тәулікте қалада 184 адам коронавирус жұқтырған. 

Мұның ішінде симптомды, жеңіл және орташа деңгейдегі белгілермен – 162 , симптомсыз –22 науқас тіркелді. 

Барлық емделіп шыққандар – 163, келіп түскені – 127.

«Инфекциялық стационарларда 1 329 адам бар (төсек-орынның жалпы саны – 3 640), оның ішінде 49 бала емделуде» деп нақтылады қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.

Сондай-ақ, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 100 адам жатыр. Ал 20 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. 

Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 44 адам ем қабылдауды жалғастыруда. High flow-да 36 аппарат жұмыс істейді. 

Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 1497 пациент бар. 

Оның ішінде індет белгілері бар, орташа ауыр жағдайда 1 278 науқас. 219 адамда коронавирус белгілері жоқ.