Алматыда Дінмұхамед Қонаевтың портреті салынған мурал вандалдардың әрекетінен кейін қалпына келтірілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Реставрация муралдың авторы саналатын Tigrohaud crew бірлестігінің көше-арт-суретшісі Ержан Танаевтың бастамасы бойынша жасалды. Ол досынан муралға барып, салынып кеткен мұртты алып тастауды өтінген.

