Алматыда ағаштар құлап, 4 көлікке зақым келді, зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, «112» желісіне түскі сағат 12:30 шамасында қатты соққан желдің әсерінен ағаштар мен бұтақтардың көліктерге құлағаны туралы хабарлама түсті.
Атап айтар болсақ, Алмалы ауданында - 2 жағдай, Алатау ауданында - 1 жағдай, Медеу ауданында орналасқан ғимараттың әрлеу бөлшектері автокөлікке құлағаны туралы- 1 хабарлама келді.
Төрт автокөлікке зақым келді.
Сондай-ақ, 109-құтқару қызметіне өту жолдарына, жаяу жүргіншілер аймағына және балалар алаңына бұтақтар мен ағаштардың құлағаны туралы 17 хабарлама келіп түсті.
«109 қызметінің ақпаратына сенсек, зардап шеккендер мен мерт болғандар жоқ. Барлық өтінім кезек тәртібімен өңделеді», - деп хабарлады қалалық ТЖД.


