Алматыда 2244 адам карантинді бұзып, жауапқа тартылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Сот шешімімен карантин енгізген сәттен бастап төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін 2 244 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
«Оның ішінде 605 құқық бұзушы әкімшілік қамауға алынды, 1255 адамға айыппұл салынды, 514 адамға ескерту жасалды. Өткен тәулік ішінде мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотымен ҚР ӘҚбК 476-бабы бойынша 23 әкімшілік материал қаралды. Оның ішінде 7 адам әкімшілік қамауға алынса, 5 адамға айыппұл салынды, 11 адам ескерту алды. Шектеу шаралары басталғаннан бері көшеде себепсіз жүргені үшін 1801 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 432 адам қамауға алынды, 931 айыппұл салынды, 438 адам ескерту алды», - деді Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
Жол кедергілерін айналып өтіп, қалаға кіру тәртібін бұзғаны үшін ҚР ӘҚбК 476-бабы бойынша 441 адам әкімшілік жауапқа тартылды. Олардың 173 қамауға алынды, 194-іне айыппұл салынды, 74 адамға ескерту берілді.