Алматыда ер адам қызы мен күйеу баласын атып өлтіріп, кейін өз-өзіне қол салды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Бүгін, 8 маусым күні Алматы қаласының Түрксіб ауданында, Сейфуллин даңғылындағы үйлердің бірінде, 1951 жылы туған жергілікті тұрғын, отбасылық жанжал кезінде 1987 жылы туған күйеу баласы мен 1979 жылғы қызын тегіс ұңғылы мылтықпен атып өлтірді. Содан кейін өз-өзіне қол жұмсады»,– деп хабарлады полициядан.
Қазіргі уақытта оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеуде.
Алдын ала мәлімет бойынша, қару ер адамның өз атына тіркелген.
Қайғылы жағдайдың басқа да жағдайлары анықталуда.