Алматыда екі жолаушы автобусы соқтығысты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Апаттың видеосы әлеуметтік желіде тарады.
Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты 28 сәуірде сағат 15:30-дар шамасында болған.
«Yutong» маркалы автобустың жүргізушісі Ы. Алтынсарин көшесімен оңтүстік бағытта келе жатып, арақашықтықты сақтамай «ЛиАЗ» автобусымен соқтығысты. Жол-көлік оқиғасынан ешкім зардап шеккен жоқ. Аталған деректі Әуезов аудандық полиция басқармасы тексереді», - деді Алматы қаласы Полиция департаментінің анықтау басқармасының бастығы Олжас Шәріпов.
