Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігінің 27 наурыз 20.00-дегі дерегіне сай, Алматыда тағы екі адамнан вирус табылды. Қазір бұл қалада 50 адам дертке шалдыққан.
Ал елде қазір 137 адамға вирус жұққаны анықталды: Алматыдан бөлек Нұр-Сұлтанда - 69 адам, Қарағандыда - төрт адам, Жамбыл облысында - үш адам, Шымкентте - екі адам, Алматы облысында - бір адам, Ақтөбе облысында - бір адам, Солтүстік Қазақстан облысында - бір адам, Атырау облысында - үш адам, Павлодар облысында, Маңғыстау облысында бір адам.
26 наурыз кешкісін Нұр-Сұлтанда 64 жастағы бір әйел адам Covid-19 дертінен қайтыс болды. Оның коронавирус жұқтырғаны қайтыс болған соң анықталған. Елде барлығы үш науқас: Алматыда - екі, Нұр-Сұлтанда бір адам дерттен айықты. Олардың бірі - 12 жасар қыз бала.
27 наурызда Павлодар, Атырау және Маңғыстау облысында коронавирус алғаш рет тіркелді.
Қазақстанда коронавирусқа байланысты 15 сәуірге дейін төтенше жағдай. 19 наурыздан бастап Алматы мен Нұр-Сұлтан қалалары карантинге көшті.
Ал 28 наурыздан бастап елдегі ірі үш қалада - Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкентте шектеулер күшейеді:
- Енді үш қаладағы жұрт жұмысқа, азық-түлік және дәрі алуға ғана шыға алады.
- Парк, жаяу жүргіншілер көшесі, жағалаулар, ойын алаңдары жабылады.
- Қоғамдық көліктердің жұмысы шектеле бастайды.
- Қоғамдық орындарда үш адамнан артық жиналуға болмайды. Бұл шектеудің бір отбасының адамдарына қатысы жоқ.
- Балалар ересектерсіз көшеге шығуға тыйым салынады.
Өткен жылдың соңында Қытайда алғаш рет тіркелгелі бері әлемде коронавирус жұқтырғанар жарты миллионнан асып кетті. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Covid-19 коронавирусын "пандемия" деп жариялаған.