26 сәу, 2021 сағат 10:36

Алматыда демалыс күні 3,9 мың адамға вакцина егілді


«25 сәуір күні 3 918 алматылық вакцина салдырды», - деп хабарлады қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. 

Биылғы жылдың 1 ақпаны мен 25 сәуірі аралығында барлығы 180 451 адамға екпе салынды.

Бүгінгі күні қалада 209 пункт жұмыс істеп тұр. 1 201 адамнан тұратын 303 егу бригадасы бар.

«2021 жылдың 25 сәуірі күні жалпы саны 6 мың доза (1 және 2-компонент бойынша) қазақстандық «QazVac» вакцинасының траншы алынды», - деп хабарлады ведомстводан.

Сондай-ақ, Ә. Қастеев атындағы Өнер мұражайында (Сәтбаев көшесі) ашылған вакциналау пункті өз жұмысын бастады. Жұмыс уақыты: 08:00-ден 20:00-ге дейін.

Айта кетейік, Наурызбай ауданындағы «Таусамалы» базарында вакцинация пункті ашылды.