#
#
Жексенбі 09/08/2020

Алматыда дәріні қымбатқа сатпақ болған әйел ұсталды

  • 07.07.2020
  • 0
  • 199

Алматы полициясы алыпсатарлардан тағы бір партия дәрі тәркіледі, – деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, бұл жолы алыпсатар әйел Алматы қаласының Түрксіб ауданында ұсталды.

Ол әйелден «Гроприносиннің» 100 пакеті, балаларға арналған «Анаферонның» 105 пакеті, ересектерге арналған 62 пакет «Анаферон», сондай-ақ ол қымбат бағамен сатуды жоспарлаған 7 «Ингавирин» табылды.

Ұсталған әйел бұл саудадана шамамен 1 миллион теңге табыс табады.

Қазір дәрі-дәрмектің барлығы тәркіленді. Алматы қалалық полиция департаменті күдіктінің іс-әрекетіне қатысты заңға сәйкес құқықтық баға беріп, жауапкершілікке тартпақ. Кеше «Ингавирин», «Тамифлу» және «Парацетамол» дәрілерін қымбатқа сатпақ болған екі адам ұсталғанын жазған болатынбыз.

Еске салайық, ҚР Президенті Қ.К. Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Ішкі істер министрлігі елімізде рейд өткізіліп жатыр. Тексерудің мақсаты – карантин уақытында қажетті дәрі-дәрмектердің жетіспеушілігін пайдаланып, жоғары сұранысқа ие болған респираторлық вирустық ауруларды емдеуге арналған дәрі-дәрмектерді жоғары бағамен сатқан дәріхана қызметкерлері мен азаматтарды анықтау.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар