11 сәу, 2020 сағат 13:53

Алматыда дәрігерлері коронавирус жұқтырған аурухананың 2 бөлімі карантинге жабылды

Алматыда дәрігерлері коронавирус жұқтырған аурухананың қабылдау бөлімі мен тағы бір бөлімі карантинге жабылды, - деп хабарлайды Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Бұған дейін №12 орталық қалалық клиникалық аурухананың 12 қызметкері инфекция жұқтырғанын хабарлаған болатын.

Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлағандай, осыған байланысты қалалық орталық клиникалық аурухананың қабылдау бөлімі мен тағы бір бөлімі карантинге жабылды.

«Науқастарды қабылдау бөлімі мен бір бөлім дезинфекция жасау үшін жабылды. Індет жұқтырғандармен жақын байланыста болған қызметкерлер бақылауға алынды. Инкубациялық кезең 14 күн болғандықтан осы уақытта, яғни қызметкерлер кезекшілікте болған күндері байланыста болған пациенттер де іздестіріліп жатыр», - деді басқарманың баспасөз қызметінен.