21 сәу, 2021 сағат 14:41

Алматыда талданған сынамалардың 78 пайызында британдық штамм анықталды

Алматыда талданған сынамалардың 56 пайызында коронавирус штамның мутациясы анықталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Алматыда эпидемиологиялық жағдай жаңа штамдардың пайда болуымен күрделенді. Мегаполистегі аранайы зертханада талданған үлгілердің 56% -нан мутация анықталды. Эпидемиологтардың ПТР зерттеулері бойынша британдық штамм талданған сынамалардың 78 пайызында табылды», - деді қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының өкілі Светлана Сұлтанғазиева Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің отырысында 

Сонымен қатар, ол соңғы бір ай ішінде амбулаториялық емделушілердің саны артқанын жеткізді. Қалада барлығы 7011 төсек- орын дайындалған. Қазір оның 58% бос емес. 

Бүгін таңертеңгі ақпарат бойынша Алматыда 667 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды. Мұның ішінде 574-і симптомды, жеңіл және орташа деңгейдегі белгілермен, 93 -і симптомсыз ауырған.